Щучинск қаласын қар басты - видео

Видеодан алынған кадр

А?мола облысы Щучинск ?аласында ?ар жауды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақмола облысы Щучинск қаласында қар жауды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқырмандар Щучье-Бурабай курорттық аймағында түсірілген видеоларды жолдап жатыр. 

 

Реклама
Реклама

Куәгерлер жолдаған видео.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын.

"27 мамырда Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде), кей жерлерінде қатты жауын жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерінде секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, кей жерлерде 3 градус аяз, күндіз 6-11, кей жерлерде 14 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі", - деп ескертті "Қазгидромет" мамандары.

Сонымен қатар, бүгін Астанада да жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде) жауады. Кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метр болады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 6-8 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама