22 қыркүйек 2020 | 15:01

Шикі ет жеген баланың видеосы. ІІМ ата-анасын іздестіріп жатыр

Видеодан алынған кадр

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері шикі ет жеген баланың видеосын зерттеді. Қазір мамандар баланың ата-анасын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері шикі ет жеген баланың видеосын зерттеді. Қазір мамандар баланың ата-анасын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкинаның айтуынша, баланың заңды өкілдері табылғаннан кейін олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ал әзірге оларды ішкі істер министрлігі іздестіріп жатыр.

Реклама
Реклама

"Қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі. Ата-аналар балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және моральдық дамуына қамқорлық жасау керек екенін ұмытпауы керек.

Сонымен қатар, олар балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын есте ұстағаны жөн", – деді БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Еске салайық, мұның алдында Қазнетте шикі ет жеген баланың видеосы тараған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная