21 қаңтар 2022 | 13:32

Шикізат игілігі шикізат қарғысына айналды - Президент

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның "шикізат игілігі" әртүрлі топ мүддесінде елдің "шикізат қарғысына" айналғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның "шикізат игілігі" әртүрлі топ мүддесінде елдің "шикізат қарғысына" айналғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы саяси трансформацияның негізгі бағытынан ешқандай ауытқу болмайтыны туралы мәлімдемесін еске салды.

"Мен Мемлекет басшысы ретінде қоғамымызды жаңғыртудың саяси трансформациясы саясатын жалғастырамын. Сондықтан экономикалық реформалар бағдарламасымен жұмыс істеу керек, реформалар бағыты белгіленген. Нарықтық әлеуметтік бағдарланған және әртараптандырылған экономикаға көшу. Басты сұрақ: бұған ақшаны кім төлейді? Өткенге көз жүгіртсек, жаңа тарихымыздағы екі экономикалық кезеңді шартты түрде бөліп көрсетуге болады", - деді Президент бизнес өкілдерімен кездесу кезінде.

Реклама
Реклама

Тоқаевтың айтуынша, бірінші экономикалық көшу - жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу.

"Ауыр күйзелістер мен шығындар арқылы Қазақстан қажетті нарықтық реформаларды жүргізе отырып, көтеріліп, бейімделе алды. Бұл өзгерістерді қаржыландыру кеңестік кезеңнен мұраға қалған мемлекеттік мүлікті жекешелендіру есебінен жүзеге асырылды. Осы негізде отандық кәсіпкерліктің жаңа класы пайда болды.

Екінші жағдай шикізаттық суперциклмен байланысты. Ел экономикасы жаһандық процестерге ене алды, шетелдік инвесторларға елге үлкен қаражат тартуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасалды. Бірінші кезекте өндіруші салада және банк саласында. Бұл қаржы Қазақстан экономикасын жандандырып, тұрақтылық берді, әлеуметтік бағдарланған мемлекет негізін құруға мүмкіндік берді", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, "шикізат игілігіне" тәуелділік Қазақстанды трансформация мәселесінде аз ұтқыр мемлекетке айналдырды.

"Сыртқы әл-ауқатқа қарай елдің шикізат игілігі біртіндеп шикізат қарғысына қалай айналғанын байқамадық. Біз трансформацияларда аз белсенді болдық. Сапалы қайта құру осындай өзгерістерге қарсы шыққан әртүрлі топ мүддесіне қарсы болды. Нәтижесінде, біз әртараптандырылған экономиканы құрған жоқпыз, оны мойындауымыз керек", - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан бизнес өкілдерімен кездесу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шектеулерін қайта қарауды тапсырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная