21 қазан 2022 | 11:05

Ішкі істер министрлігі басшысы бірқатар тапсырма берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Polisia.kz

ІІМ-де министрлік басшылығының, орталық аппарат қызметтері, аумақтық департаменттер мен ведомстволық оқу орындары бастықтарының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ-де министрлік басшылығының, орталық аппарат қызметтері, аумақтық департаменттер мен ведомстволық оқу орындары бастықтарының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Отырыс барысында ішкі істер органдарының ағымдағы жылдың 9 айындағы жедел-қызметтік қызметінің қорытындылары және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер талқыланды. Министр Марат Ахметжанов өз орынбасарларының баяндамаларын тыңдап, ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыттарына назар аударды.

"Қылмыстың алдын алудың толыққанды жүйесін қалыптастыру қажет. Оның салдарымен күресуден гөрі қылмыстың алдын алу тиімдірек екені белгілі. Олардың себептерін жою бойынша жұмыс жүргізу қажет. Кішкентай қалаларға ерекше назар аудару керек. Бұл - проблемаға бағдарланған тәсіл", - деп атап өтті ол.

Реклама
Реклама

Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың өзекті мәселелері қаралды. Үшінші тоқсанда полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 30 мыңға жуық хабарлама келіп түскен. Олардың көп бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қалаларына, Жамбыл және Павлодар облыстарына тиесілі.

Министр "мас" және рецидивтік қылмыстың алдын алуды ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауды, есепке тұрған адамдарға, оның ішінде "дебоширлерге" қатысты жеке профилактика шараларын қатаңдатуды тапсырды. Ведомство жұмысының негізгі бағыттарының бірі - ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес. Осыған орай бейіндік қызмет құрылған. Алғашқы нәтижелер де бар. Сонымен қатар есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды. Интернет арқылы таралатын "синтетика" мен "дәріханалық нашақорлыққа" ерекше көңіл бөлінді. Ведомство басшысы интернет желісін және заманауи технологияларды пайдалана отырып жасалған қылмыстарға қарсы іс-қимылға да баса назар аударды. Қазір барлық алаяқтықтың жартысынан көбі интернет пен телефон арқылы жасалады. Азаматтарға келтірілген залал 9 миллиард теңгеден асады.

"Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарларға тиімді тосқауыл қою үшін ашу мен тергеудің жаңа тактикасы мен әдістерін енгізу талап етіледі. Жыл басынан бері осындай 107 сигнал келіп түсті. Олардың көпшілігі интернет желісі, соның ішінде анонимді пошта қызметтері арқылы жүзеге асырылған. Қылмыскерлер абоненттік нөмірлерді ауыстыруды белсенді қолданады", - деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ алқада көші-қонды бақылауды ұйымдастыру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі мәселелері қаралды.

Жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды анықтау үшін әзірленген "Қорғау" бағдарламасының жұмыс нәтижелері талқыланды. Қазір бұл жоба алты қалада жүзеге асырылуда. Министр ішкі істер органдарының қызметін цифрландыру мен бюрократиядан шығарудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Қазір ведомствода кадрлық және қаржылық операцияларды автоматтандыратын ақпараттық жүйені енгізу процесі жүріп жатыр.

"Бұл жылдар бойы қалыптасқан бюрократиялық процесті жояды, осылайша қызметкерлерді кадр және қаржы қызметтеріне тәуелділіктен арылтады, ең бастысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тосқауыл болады. Бүгінгі таңда елде цифрлық құжаттар ресми және нормативтік түрде бекітілген. Біздің қызметкерлер, патрульдік полиция немесе учаскелік инспектор болсын, электронды құжатты қағаз және пластикалық нұсқалармен қатар қабылдауы тиіс", - деп тапсырды Марат Ахметжанов.

Осыған байланысты ол қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне назар аударды. Алқа азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, халықтың шағымдары мен ұсыныстарына ден қою жөніндегі жұмысты жеке қарады.

Отырыс соңында Марат Ахметжанов министрлік алқасында көтерілген мәселелерді шешу бойынша департаменттер мен бейінді қызмет бастықтарына нақты тапсырмалар берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная