Ішкі істер министрлігінде бірқатар ауыс-түйіс жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жоспарлы ротация тәртібімен, ішкі істер министрінің бұйрығымен, Президент әкімшілігімен келісілген түрде ведомствода бірқатар кадрлық тағайындау жасалды", - деп жазылған хабарламада.
Полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Көліктегі полиция департаментінің бастығы болған.
Полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов бұған дейін Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы болған. Ол ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров бұған дейін Алматы Полиция департаментінің бастығы болған. Ол Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Полиция генерал-майоры Айдын Қабдолдинов бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы болған. Ол Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Полиция полковнигі Абай Жүсіпов, бұған дейін Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы болған, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев, бұған дейін Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы болған, Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев, бұған дейін Атырау облысы полиция департаментінің бастығы болған, Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Полиция генерал-майоры Оңал Бекиев, бұған дейін ІІМ Аппаратының басшысы болған, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!