13 қараша 2018 | 13:15

Шкарупа қызметінен кеткісі келеді - Бозымбаев

Фотоколлаж © Tengrinews.kz

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев вице-министр Анатолий Шкарупаға бас прокурордың айып тағуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев вице-министр Анатолий Шкарупаға бас прокурордың айып тағуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Анатолий Валерьевич Шкарупа жұмыс істеуге бізге қазанда келді. Мен оның 2015 жылы бір нәрсені дұрыс істемегенін Қауіпсіздік кеңесінде бас прокурордан білдім. Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткен күні ол Қарағанды облыстық прокуратурасына шақыртылды. Менің білуімше, ол куәгер болу үшін шақыртылған. Біз қазір оның министрліктегі жұмысы туралы мәселені шешіп жатырмыз. Өзі вице-министр ретіндегі қызметін тоқтатуды немесе өз еркімен жұмыстан кетуді қалап отыр. Бұл мәселе шешіліп жатыр", - деп жауап берді Бозымбаев үкімет отырысынан кейін журналистер қойған сұраққа. 

Реклама
Реклама

"Шын мәнінде ол біліктілігі мықты адам, ол тарифтер бойынша және оларды төмендету жөнінде көмек беріп, шараларды қолға ала алады. Бірақ 2015 жылы не болғанын мен білмеймін. Мен ол кезде басқа өңірде болғанмын", - деді министр.

Оның айтуынша, Энегетика министрлігінде Анатолий Шкарупа электр энергиясы мәселелерімен айналысады.

Бозымбаев вице-министр Шкарупаға тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы вице-министрлер Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевке қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Бұрынғы вице-министрлер Сәдібеков пен Жақсалиев ісінің мән-жайы анықталды

Еске сала кетейік, Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақша жымқырды деп айыптаған болатын. "Таяуда тағайындалған вице-министр Анатолий Шкарупаға заң тұрғысынан қатаң айып бар, Саран қаласының бұрынғы әкімі (Қарағанды облысы - авт.). Оның 2015 жылы орталық жылытуы жоқ Саран қаласына есептеу құрылғысын бекітуге бөлінген 215 миллион теңгені жымқыруға қатысы бар", - деген еді Қожамжаров Ақордадағы Қауіпсіздік кеңесі отырысында.

Анатолий Шкарупа 2015-2017 жылдары Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі болды. 2017 жылдың мамырынан 2018 жылдың қазанына дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып, 2018 жылы қазанда энергетика вице-министрі болып тағайындалды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная