14 шілде 2022 16:23

ШҚО әкімі Даниал Ахметов қанша жалақы алатынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әкімдер жалақы жүйесі туралы айтып берейін. Біріншіден, әкімдердің базалық айлығы бірдей. Базалық сан бар, жалақы әкімнің өтілімен байланысты. Қазір әлеуметтік желіде мені қайтадан сынай бастайсыздар. Менің жұмыс өтілім - 48 жыл. Бұл кез келгеніңізден көп. Мемлекеттік қызметтегі өтілім - 33 жыл. Барлық өмірбаянымды айтып отырмаймын. Бірақ көптеген әріптесіммен салыстырғанда бұл салаға өндірістік базаммен келдім. Бұл трендті сақтап қалу керек шығар, бірақ ол маған қойылатын сұрақ емес (...) Менің жалақым екі миллионнан көп", - деді Ахметов ОКҚ брифингінде.    

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев қанша жалақы алатынын жариялаған болатын. Әкімнің айтуынша, ол айына 980 мың теңге алады.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Қайрат Нұртас ұсталды