ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қыркүйек 2023 | 16:28
ШҚО әкімдеріне ауруханалардағы матрастарды ұстап көру тапсырылды
Шығыс Қазақстан облысының әкімдеріне ауруханалардағы матрастарды ұстап көруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yk.kz басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысының әкімдеріне ауруханалардағы матрастарды ұстап көруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yk.kz басылымына сілтеме жасап.
Әкімдікте өткен жиында ШҚО басшысы Ермек Көшербаев ауруханалардағы адамдардың жағдайын ұмытпауға шақырды.
Ермек Көшербаевтың Өскемендегі облыстық мамандандырылған көпсалалы орталыққа барғаны атап өтілді. Аймақ басшысы дәрігерлер өте жақсы жұмыс істейтінін, жоғары технологиялық қондырғылар бар екенін атап өтті.
"Мәселен, нейрохирургия бөлімінде медициналық стандарт бойынша жас мамандар жұмыс істейді, олар облыс мақтанышына айналады. Тұрғындар үшін көптеген ауыр оталар тегін жасалады", - деп келтіреді Yk.kz ШҚО әкімінің сөзін.
Дегенмен облыс әкімі ауруханадағы төсек-орынның сапасыздығына назар аударды.
"Сатып алуды ең арзан бағамен жасау керек екенін түсінемін. Бірақ мәселені шешу керек. Көрпе мен жастық қаптары ескі. Әкімдер, өздеріңіз ауруханаларға барыңыздар, аудандарыңыздың тұрғындары қандай матрастарда жатқанын ұстап көріңізер", - деді Ермек Көшербаев әріптестеріне.
"Өмірдің қарапайым жағы барын да ұмытпаңыздар", - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также