ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға үкім шықты

Мейірман Лес Корреспондент
ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға үкім шықты Бейнеден алынған кадр

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оған ірі көлемде алаяқтық жасады және ірі көлемде пара алды деген айып тағылды. 31 наурызда өткен жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыға алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

3 сәуірде сот үкімді жариялады. Жақсылық Омар кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленіп, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Реклама
Реклама

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 13 ақпанда желіде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол кезде ШҚО әкімдігі бұл туралы мәлімет жоқ екенін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ "әкім орынбасары денсаулығына байланысты уақытша демалыс алды" деп хабарланған еді.

Ал бүгін сотта ол соңғы сөзін айтты.

"Ойлануға уақытым жеткілікті болды. Ештеңені кері қайтару мүмкін емес екенін сезіну одан да қиын. Мен мемлекетке масыл болғым келмейді, керісінше өз үлесімді қосқым келеді. Қарызға батсам да, айыппұлды төлеймін. Түсіністікпен қарайды деп үміттенемін", - деді Жақсылық Омар соттағы соңғы сөзінде.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама