ШҚО ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болып тұр. ШҚО-да қалааралық тасжолдардың бірнеше бөлігі жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болып тұр. ШҚО-да қалааралық тасжолдардың бірнеше бөлігі жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар барлық жолдардың ұзақтығы 891 шақырым - 3,5 пайыз жолдардың алты бөлігінде қозғалыс шектелді.
Тасжолдардың мына бөліктері жабылды:
Алматы-Өскемен, 971-1068 шақырым аралығы, Қалбатау ауылынан Қасым Қайсенов кентіне бұрылысқа дейін;
Омбы-Майқапшағай, 756-906 шақырым аралығы, Семейден Қалбатау ауылына дейін;
Өскемен-Семей, 10-198 шақырым аралығы, Герасимовка ауылынан Семейге дейін;
Семей-Қайнар, 8-266 шақырым аралығы, Семейден Қайнар-ға дейін;
Өскемен-Шемонаиха - Ресей шекарасы, 15-123 шақырым аралығы, Глубокое ауылынан Ресей шекарасына дейін;
Өскемен-Риддер - Ресей шекарасы, Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін.
Сонымен қатар, "Қазгидромет" синоптиктер Жамбыл облысында су басу қаупі туралы ескертеді. 10-12 ақпан аралығында ауа температурасы, жаңбыр жауады. Тау өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.