ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қаңтар 2023 | 09:21
ШҚО-да 12 адам қар құрсауынан құтқарылды
Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қалың қар салдарынан тасжолда тұрып қалған Ресейдің 12 азаматын эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шемонаиха ауданындағы "Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы" республикалық маңызы бар тасжолда 12 адам, оның ішінде екі бала жолда қалып қойған.
Оларға көмек көрсету үшін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары "ТРЭКОЛ" көлігімен келіп, жол ашқан. Адамдар Шемонаиха қаласындағы қонақүйге орналастырылды, әкімдік онда ыстық тамақ пен жылуды ұйымдастырды.
Төтенше жағдайлар департаменті қазір облыста 15 жол жабық екенін хабарлады.
"Азаматтардан ауа райы тұрақталғанша барлық сапарын кейінге қалдыруды сұраймыз. Тәуекелге барып, өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Өңірде 6 қаңтарда ескерту жарияланды: қатты боран, көктайғақ", - дейді құтқарушылар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также