12 маусым 2024 | 17:02

ШҚО-да балабақшалардың бірінің есепшісі жалақысына қосымша 12 миллион теңге аударған

Фото:depositphotos.com

ШҚО-да прокурорлар балабақшада бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО-да прокурорлар балабақшада бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО прокуратурасына сілтеме жасап.

"Катюша бала-бақшасы" КМҚК штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру арқылы балабақша есепшісінің 3 жыл бойы өзіне артық жалақы мен бонустық төлемдерді есептегені анықталды. Ол өз есепшотына барлығы 12 миллион теңгеден астам ақшаны заңсыз аударған.

Аталған факт бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, одан әрі іс жүргізуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізді", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толығымен өтеген.

Реклама
Реклама

"Соттың 2024 жылғы 30 сәуірдегі үкімімен кінәлі тұлға сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп жымқырғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі) 3,6 жылға бас бостандығын шектеуге және өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылуға сотталды".

Сот актісі заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная