ПОДЕЛИТЬСЯ
22 шілде 2021 | 17:35
ШҚО-да балалар үйінің экс-басшысы өзіне жала жабылғанын дәлелдеп, сотта жеңіп шықты
Өскемендегі балалар үйінің бұрынғы басшысы Құралай Есенова өзіне тағылған айыптар жалған екенін дәлелдеп, ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талап арыз бойынша сотта жеңіске жетті. Өскемен қалалық соты ШҚО ақпараттық орталығына мәліметті ресми теріске шығаруды міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өскемендегі балалар үйінің бұрынғы басшысы Құралай Есенова өзіне тағылған айыптар жалған екенін дәлелдеп, ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талап арыз бойынша сотта жеңіске жетті. Өскемен қалалық соты ШҚО ақпараттық орталығына мәліметті ресми теріске шығаруды міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2020 жылғы 19 қарашада ШҚО ақпараттық орталығы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасына және оның бұрынғы басшысы Владимир Лиге сілтеме жасап, БАҚ-қа "В ВКО директор детского учреждения собирала деньги якобы для детей на свой личный счет" деген тақырыппен ақпарат таратты. Онда балаларға жиналған қайырымдылық ақшасы негізсіз пайдаланылғаны туралы мәлімдемелер болған.
Мекеменің бұрынғы директоры Құралай Есенова олар ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорлады деп, сотқа арыз түсірген. Сот мұны мойындап, биыл наурызда жауапкерлерді – ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы мен ШҚО ӨКК ақпараттық орталығы "Шығыс ақпарат" ЖШС-ға таратылған баспасөз релизін теріске шығаруды және кері қайтарып алуды міндеттеді. Жеңілген тарап бұған келіспей, шешімге қарсы шағымдануға тырысқан. Бірақ апелляция үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бірнеше айдан кейін орталық жариялаған ақпаратын теріске шығарды.
"Біз "В ВКО директор детского учреждения собирала деньги якобы для детей на свой личный счет" деген тақырыппен баспасөз хабарламасын кері қайтарып аламыз және ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы берген ақпарт пен Құралай Есенованың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәлімет шындыққа жанаспайтынын мойындаймыз. Ақпаратта Құралай Есенованың "балалар үшін" ақшаны жеке есепшотына жинағаны туралы нақты деректер жоқ. Құралай Есенова жеке қорды басқарған, ол үшін есепшот тағайындалған, оған тек қордың қаражаты түскен. Алайда ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, балалар үйі үшін есепшотқа ақша аударылып, Құралай Аманбекқызының жеке мұқтаждықтарына жұмсалғаны туралы дәйексіз деректер келтірдік және бұл факт расталмады. Сонымен қатар, біз кінәсіздік презумпциясын бұздық", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Құралай Есеновамен шартты бұзу себептерінің бірі қайырымдылық желісі бойынша ақшалай қаражатты мақсатсыз пайдалану екені туралы ақпарат жалған деп танылды. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының осы мәселе бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу жүргізіп жатқаны туралы мәліметі де жалған болып шықты.
"Сондай-ақ, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпарат бойынша Құралай Аманбекқызының жұмысқа келмеген. Ол іссапарлар құжатымен расталды. Біз бұл ақпарат таратылған пресс-релизді де жоққа шығарамыз. Біз Құралай Есенованың беделіне нұқсан келтірген дәйексіз ақпарат тарағанына өкінеміз және ол үшін кешірім сұраймыз", - делінген ШҚО ӨКК ақпарат орталығының "Шығыс ақпарат" ЖШС хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также