ПОДЕЛИТЬСЯ
20 маусым 2024 | 14:11
ШҚО-да баласына 1,5 миллион теңге қарыз тұрғын ойынға 7 миллион теңге тігіп, ұтылып қалған
ШҚО-да алимент бойынша 1,5 миллион теңге қарызы бар тұрғын ойынға 7 миллион теңге тігіп, ұтылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО прокуратурасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ШҚО-да алимент бойынша 1,5 миллион теңге қарызы бар тұрғын ойынға 7 миллион теңге тігіп, ұтылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО прокуратурасына сілтеме жасап.
"Атап айтқанда, Өскеменде 1,5 миллион теңге алимент қарызы бар борышкер А., онлайн букмекерлік кеңседе 7 миллион теңгеге құмар ойнына бәс тігіп, ұтылған.
Талдау нәтижелері бойынша, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң, борышкерлер өз бетінше (E-Gov мобильді қосымшасы арқылы) құмар ойындарға қатысуға тыйым салды", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, ШҚО-да алимент бойынша қарызы бар 75 лудоман құмар ойындарға өз еркімен шектеу қойған. 98 балаға жалпы 84 миллион теңге қарызы бар 75 тұрғын соңғы 3 жылда букмекерлік кеңсенің пайдасына 100 миллион теңгеден астам соманы қайтарымсыз аударған.
Сонымен қатар, борышкерлердің құмар ойындарға қатысуының жолын кесу бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетіне елімізде жұмыс істейтін букмекерлік кеңселерді анықтау туралы хат жолданғаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также