01 желтоқсан 2022 08:52

ШҚО-да бес адам мінген көлікті қар көшкіні басып қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Шығыс Қазақстан облысында 5 адам мінген көлікті қар көшкіні басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында 5 адам мінген көлікті қар көшкіні басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Боран кезінде ерлі-зайыпты үш жолаушымен бірге көлікпен Өскеменнен Алтай қаласына шыққан. Таңғы сағат 05:00-де Өскемен - Рахман қайнарлары тасжолының серпантинінде көлікті қар көшкіні басып қалды", - делінген хабарламада.

Бұл күні Серебрянск қаласы полиция бөлімінің бастығы Қайрат Сұлтанғалиев, Серебрянск қаласы полиция бөлімінің бастығы Ернұр Макиленов, Алтай ауданы полиция бөлімі ЖТИ мемлекеттік автоинспекторы Орынбасар Тұрғанов жолды патрульдеуге шыққан.

Реклама
Реклама

Тәртіп сақшылары қар басқан көлікті көріп, көмекке барған.

"Алдымен полиция қызметкерлері көлікті күрекпен қазып алып шығуға тырысқан. Алайда нәтиже болмаған. УАЗ автокөлігімен сүйреу де нәтиже бермеген. Сондықтан қызметкерлер көмекке грейдер тракторын әкелген. Оның көмегімен автокөлікті қар құрсауынан шығару мүмкін болды", - делінген полиция хабарламасында.

Алтай қаласына жолға шыққан үш жолаушыны полицейлер жолшыбай көліктерге отырғызып жіберген. Ал Өскемен қаласына жолдың жабық болуына байланысты ерлі-зайыпты Серебрянск қаласында қалды. Оларға құқық қорғау органдарының қызметкерлері ыстық шай мен түскі ас беріп, қонақүйге орналастырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram