ШҚО-да бөтеннің көлігін ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
ШҚО-да бөтеннің көлігін ұрлап кеткен күдікті ұсталды

ШҚО-да полиция көлік ұрлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО-да полиция көлік ұрлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 қаңтарда сағат 18:55-те "102" арнасына қала тұрғыны хабарласып, оның BMW көлігін белгісіз біреу заңсыз айдап кеткенін хабарлаған. Құқық бұзушылық салдарынан жәбірленушіге шамамен 2 000 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Жедел іздестіру шаралары барысында ШҚО ПД жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары мен ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірлесіп, Өскемен – Алтай тасжолының 38-шақырымында іздеудегі автокөлікті тоқтатып, құқық бұзушыны қолға түсірген.

Реклама
Реклама

"Көлік тізгінінде бұрын сотталған 31 жастағы ер адам болған. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті әрі қарай процессуалдық іс-қимыл жүргізу үшін Өскемен қалалық полиция басқармасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Полиция көлікті ұрлау және заңсыз айдап кету оқиғаларының алдын алу үшін кілтті көлікте қалдырмауды және тіпті қысқа уақытқа болса да ашық тастап кетпеу керектігін ескертертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама