06 қаңтар 2025 | 10:42

ШҚО-да бұрынғы бас эколог пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды

Midjourney

ШҚО Экология департаментінің басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО Экология департаментінің басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен соты облыстық экология департаментінің басшысы Д. Әлиевке, жергілікті тұрғын М. Журкабаевқа және кәсіпкер К. Длюжевскийге қатысты үкім шығарды.

"Әлиев пара алғаны үшін, Журкабаев делдалдығы, ал Длужевский коммерциялық ұйымға алтын өндіруге экологиялық рұқсат алу үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімі бойынша, шенеунік 4 жылға, қала тұрғыны – 1 жыл 6 айға, кәсіпкер – 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқаруға тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

"Алдын алу шаралары шеңберінде үкімді жариялау Экология комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуымен онлайн режимде өтті".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная