ШҚО-да ер адамды ұрлап, өлтіріп кеткен: полиция не дейді?

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысында белгісіз біреулер ер адамды ұрлап әкетіп, біраз уақыттан кейін оның мәйітін Өскемендегі аурухана маңына тастап кеткені туралы ақпарат тарады. Полиция бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті адам өлтіру дерегін растады және қылмысқа қатысы бар адамдардың жеке басы анықталғанын хабарлады.

"Үш ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тағы үш күдіктіге іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын және себептерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген департамент хабарламасында.

Реклама
Реклама

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы – "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ, ведомство қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде қамаудан үш қауіпті қылмыскер қашып кеткені, осыған байланысты Белоусовка кентінде арнайы жасақ патруль жүргізіп жатқаны туралы жалған ақпарат тарағанын айтты.

"Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті азаматтарды тек ресми және расталған ақпаратқа сенуге шақырады. Арандатушылыққа ермеңіздер және жалған мәлімет таратпаңыздар", – деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама