ШҚО-да желіде тараған видеодан кейін әкімнің басы дауға қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Зайсан ауданындағы ауыл әкімі көрінетін, бейәдеп сөздер қолданылған видеоны анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Зайсан ауданындағы ауыл әкімі көрінетін, бейәдеп сөздер қолданылған видеоны анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде әкімге қатысты оқиғаның видеосы тараған болатын. Жазбада ауыл тұрғындары әкіммен кездесуге келіп, оның қызметі туралы сұрақтар қойып жатқанын көруге болады. Әңгіме барысында олардың арасында дау туып, кейін әкім бейәдеп сөздер айтқан.

Өңір әкімдігі мәліметінше, осыған байланысты ауыл әкімінен ресми түсініктеме талап етілген.

Реклама
Реклама

"Әкімдік бұл материалдарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесіне жолдады. Кеңесте қызметтік әдеп нормалары бұзылуы қаралады. Мұндай әрекеттерге жол берілмеуге тиіс. Облыс басшылығы былапыт сөз қолдануға, әдепсіз қылық танытуға түбегейлі қарсы", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, этикалық нормаларды бұзған мемлекеттік қызметшілерге қатаң жаза қолданылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама