ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілде 2021 | 13:45
ШҚО-да жол апатынан жүргізушілердің әйел, бала-шағасы қаза болды
Шығыс Қазақстан облысындағы Мақаншы - Жалаңашкөл тасжолында жол апаты болып, жүргізушілердің әйелдері мен балалары қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысындағы Мақаншы - Жалаңашкөл тасжолында жол апаты болып, жүргізушілердің әйелдері мен балалары қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
18 шілдеде сағат 15:10-да Үржар ауданында қайғылы оқиға болды. Мақаншы - Жалаңашкөл тасжолында үш автокөлік соқтығысты - Geely, Kia Sportage және Lada 21154-30.
"Geely жүргізушісінің 48 жастағы әйелі мен 13 жастағы ұлы, сондай-ақ "Лада" жүргізушісінің 47 жастағы әйелі мен 18 жастағы қызы алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Екі жүргізуші және Geely жолаушысы әртүрлі жарақатпен Мақаншы ауылының аудандық ауруханасына жатқызылды", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментіндегілер.
Ведомство өкілі қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі ("Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу") бойынша соталды тергеу басталғанын айтты.
Апаттың мән-жайы әзірге хабарланбады, зардап шеккендердің кейбірі Алакөлден демалыстан қайтып бара жатқан болуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также