15 мамыр 2020 | 15:10

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері "Ана үйінің" жас аналарын Отбасы күнімен құттықтады

© polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында ҚАЖ қызметкерлері "Аналар үйінде" уақытша тұратын жас аналарды Отбасы күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында ҚАЖ қызметкерлері "Аналар үйінде" уақытша тұратын жас аналарды Отбасы күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері "Халықаралық Отбасы күнін" мерекелеу қарсаңында Өскемен қаласындағы "Аналар үйіне" барды. Олар азық-түлік, жаңа туған балаларға арналған жеке гигиена құралдары, кондитерлік өнімдер мен қаржыла көмек көрсетті. "Ана үйінде" бес жас ана балаларымен паналап жүр.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ олардың арасында үш айлық баласы бар бір кәмелетке толмаған жас ана да бар. Балалар мен жас аналар барлық киіммен, азық-түлікпен, тамақпен, медициналық қызмет көрсетумен, шаруашылық қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілген. Барлық аналар тіркеуден өтіп, бірден медициналық мекемелерге бекітіледі.

"Жас аналар атынан және біздің қызметкерлеріміз атынан ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне, департамент басшысы Е. Нұртазиновқа Отбасы күні қарсаңында көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіреміз. Біз жақсы іс жасаймыз. Өмірлік қйын жағдайға түскен жас аналарға көмектесудеміз. Басты мақсатымыз балардың ана махабатын көріп өссе екен дейміз. Жетімдер үйіне түспесе екен деген үмітпен игі іс жасаудамыз. Өйткені олардың әрқайсысының өзінің қайғылы тарихы бар. Олардың өмірлеріне деген сенімін қайтару үшін олармен біздің психологтар мен заңгерлер жұмыс істейді", – деп атап өтті "Аналар үйінің" қызметкері.

Айта кетейік, Халықаралық Отбасы күні 1994 жылдан бастап 15 мамырда атап өтіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная