ШҚО-да қазанның басынан бері 86 медицина қызметкері COVID-19 жұқтырған

Фото:Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысында қазаннан бері 86 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Медициналық персонал арасында тіркелген вирус жұқтыру статистикасы бойынша ШҚО жетекші орында. Жалпы алғанда, біздің мәліметтеріміз бойынша, 1 қазаннан бері 86 жағдай тіркелді. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы үшін мамандардың өздері де, медициналық ұйымдар басшыларының да жауапкершілігін күшейту туралы шешім қабылданды", - деді Қиясов ОКҚ-да өткен брифингте.

Ол статистика төмендеуі үшін санитарлық-эпидемиологиялық режимнің барлық ережесін сақтау қажет екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама