ШҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Көрнекі сурет: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24 қараша сағат 13:30-да ауа райының бұзылуына байланысты мына тасжолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:

  • "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 1104-1191 шақырымы аралығы (Глубокое ауылынан Шемонаиха қаласына дейін);
  • "Өскемен-Риддер- РФ шекарасы" автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін).
Реклама
Реклама

Жолды 2025 жылғы 25 қараша сағат 21:30-да ашу жоспарланған.

Кейін сағат 14:00-ден бастап барлық көлік қозғалысына шектеу енгізілгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама