09 шілде 2024 | 15:40

ШҚО-да қос азаматтығы бар 30 адам анықталды

Фото: polisia.kz

ШҚО полициясы қос азаматтықтың 30 дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО полициясы қос азаматтықтың 30 дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда қос азаматтыққа жол берілмейтіне қарамастан, облыстың кейбір тұрғындарында ҚР және көрші елдердің паспорттары бар. Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері ШҚО аумағында тұратын қос азаматтығы бар адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп келеді.

"Жарты жыл ішінде облыс полицейлері 30 қос азаматтығы бар шетелдікті анықтап, олардың 8-і Қазақстаннан тысқары шығарылды. Көп жағдайда шетел азаматтары ҚР азаматының құжаттарын заңдылықты білмегендіктен сақтайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Мысалы, Шемонаиха ауданының 19 жастағы тұрғыны биылғы ақпанда Ресей азаматтығын алған. Алайда жас жігіт бұл туралы қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде құқық қорғау органдарына хабарлау қажет екенін білмеген. Құқық бұзушыға қатысты тиісті бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кейінірек бұл материал аудандық сотта қаралып, оның қаулысымен шетелдікті Қазақстан Республикасынан шығару туралы шешім қабылданды.

"ШҚО Полиция департаменті басқа елдің азаматтығын қабылдаған кезде ҚР азаматы 30 күн мерзім ішінде ішкі істер органдарына немесе шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне хабарлау арқылы Қазақстан азаматтығынан шығуы туралы мәлімдеуі, сондай-ақ ҚР паспорты мен жеке куәлігін тапсыруы қажет екенін ескертеді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная