25 қараша 2023 | 11:29

ШҚО-да қос азаматтығы бар адам анықталды

instagram.com/eastkazpolice

ШҚО-да қос азаматтығы бар адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО-да қос азаматтығы бар адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Алтай ауданы тұрғынынан қос азаматтық фактісін анықтады.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері 40 жастағы жергілікті тұрғын ағымдағы жылдың шілде айында Приморск өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын, алайда қазақстандық заңнаманы бұза отырып, Қазақстанның ішкі істер органдарын немесе шетелдік мекемелерін уақтылы хабардар етпегенін және Қазақстан азаматтығын айыру бойынша тиісті рәсімнен өтпегенін анықтады.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта ресейлік әйел адамнан Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты тәркіленді, сондай-ақ Қазақстан азаматтығының айырылғаны тіркелді.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚтБК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша елден шығару түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, жыл басынан бері 50-ден астам адам азаматтық туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылған, оның 9-ы қос азаматтығы үшін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная