05 тамыз 2019 | 12:23

ШҚО-да күшті дауыл тұрып, ағаштар тамырымен қопарылып қалды

Камила Долаева Журналист
© YK-news.kz

Кеше, 4 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Черемшанка ауылының маңында күшті дауыл тұрып, қалааралық жол сынған бұталар мен тамырымен қопарылып қалған ағаштарға толып қалды, - деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кеше, 4 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Черемшанка ауылының маңында күшті дауыл тұрып, қалааралық жол сынған бұталар мен тамырымен қопарылып қалған ағаштарға толып қалды, - деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

ШҚО-да жексенбіде толассыз жаңбырмен бірге күшті жел соқты. Қатты дауыл Черемшанка ауылына зардабын тигізді. Жеке үйлердің біріндегі аулада желден ағаш сынған. Ол қоршауды майыстырып, жолға құлаған.

Реклама
Реклама

Басылымның мәліметінше, Өскемен-Риддер тас жолындағы Черемшанка мен Бутаково арасында жолды құлаған ағаштар басып қалған. Сынған және тамырымен үзілгендері Риддерге баратын жолдың бірнеше жерінде автокөлік қозғалысын жауып тастады. Жүргізушілер оны айналып өту үшін қарама-қарсы жолақпен жүрген, ал кей жерлерде тіпті қарама-қарсы жол жиегіне шығуға тура келген, себебі құлаған діңдер ені бойынша жолды бұғаттап тастаған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная