ШҚО-да мемлекеттік мекеме 1,7 миллионға дөңгелек сатып алмақ болған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстандағы білім беру мекемесіне мемлекеттік сатып алу арқылы 680 мың теңгеге дөңгелектер сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстандағы білім беру мекемесіне мемлекеттік сатып алу арқылы 680 мың теңгеге дөңгелектер сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері облыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көмегімен 2,2 миллиард теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік туды. Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі КМК 420 мың теңгеден жеңіл автомобильге арналған шиналарды сатып алуды жоспарлағаны белгілі болды.

"Төрт дөңгелек бір миллион 680 мың теңге болар еді. Алайда мұндай дөңгелектердің орташа бағасы 30-80 мың теңге аралығында. Біздің ұсыныстарымыздан кейін бағалар қайта қаралып, бір миллион 230 мың теңге үнемделді. Үнемделген қаражатқа олар осы колледждің автобусына қосымша қосалқы бөлшектер сатып алады", - дейді ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Денис Шәкенов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама