19 наурыз 2021 | 09:29

ШҚО-да оқушылар жаппай уланып қалды

Фото: Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай орта мектебінің оқушылары жаппай уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай орта мектебінің оқушылары жаппай уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірдің білім басқармасының мәліметінше, 48 дене қызуы көтеріліп, лоқсу мен іш өте бастағанын айтып, шағымданған. 

"18 наурызда сағат 19.00-де 48 оқушы келді, оның 19-ы Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына жіберілді. Алдын ала болжам - тамақтан улану. Мектеп асханасында тамақтануды жеке кәсіпкер-жалға алушы қамтамасыз еткен", - деді ШҚО Білім басқармасының өкілдері. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Ұлан ауданының ішкі істер бөлімі бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Соталды тергеу жүріп жатыр. 

ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, мектеп карантинге жабылған. Оқушылар қашықтан оқуға көшкен. Оқиға орнында облыстың бас педиатры, эпидемиолог және инфекционист, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Қажет зерттеулер жүргізіліп жатыр.

"Бақылауды дұрыс жүргізбегені үшін аудандық білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аудан әкімдігі мен білім басқармасы балалардың улану себебі мен жағдайын зерттеу бойынша ведомствоаралық комиссия құрды. Мәселе бақылауда", - деді басқарма өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная