ШҚО-да полицей түтіндеп жатқан үйден ер адамды құтқарды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ШҚО полицейі түтіндеп жатқан үйден ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО полицейі түтіндеп жатқан үйден ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Демалыс күндері Алтай полиция қызметкері Олжас Серікқанов отбасымен қыдырып жүріп, көпқабатты көрші үйдің терезелерінің бірінен қалың түтін шыққанын байқаған.

"Терезеге жақындап, торды ашып, пәтерде ұйықтап жатқан ер адамның бар екенін көріп, шығуға көмектескен. Үй иесі пештің үстіне тамақ салынған табаны қойып, қатты ұйықтап кетіп, нәтижесінде түтін басталғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Олжас Серікқанов Алтай ауданы ПБ УҰИ бастығының орынбасары қызметін атқарады. Ішкі істер органдарында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама