ПОДЕЛИТЬСЯ
22 наурыз 2020 | 13:10
ШҚО-да сотталған адамдар көмек ретінде маска тіге бастаған
Шығыс Қазақстан облысында түрмедегі сотталушылар қорғаныс маскаларын тігіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысында түрмедегі сотталушылар қорғаныс маскаларын тігіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Еңбек - Өскемен" республикалық мемлекеттік өндіріс орындарында ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілер табыс тауып қана қоймай, өздерінің туған туысқандарына көмек көрсетіп жатыр. ОВ-156/20 түзеу мекемесінде сотталған азаматтар жақындарына коронавирустан қорғау үшін қорғаныс маскаларын тігіп, жолдады.
© polisia.kz
Александр темір тордың ар жағында отырса да жаппай эпидемияға қарсы күресіп жатқан туғандарына көмек қолын созғысы келетінін айтты. Ол "Еңбек Өскемен" тігін цехында тігінші болып жұмыс істейді.
"Мекеме әкімшілігі қорғаныс бетперделерді тігу үшін барлық қажет материалдармен қамтамасыз етті, осы тігіп жатқан бетперделерді туғандарыма жолдаймын және де осы жұмысым үшін төленетін еңбек ақыны да әйелім мен балаларыма жібердім. Азық-түлік және қосымша қажет қорғаныс құралдарын алса да көмек болсын", - дейді Александр.
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар бір реттік және бірнеше реттік қолданыстағы бетперделерді тігуді бастаған. Осы тапсырма боынша ШҚО-ның алты түзеу мекемесінде тігін жұмыстары жүріп жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также