ПОДЕЛИТЬСЯ
28 сәуір 2020 | 10:20
ШҚО-да сотталушылар ардагерлерге өз қолымен өсірген көкөністерді жіберді
ШҚО-да жазасын өтеушілер ардагерлерге өз қолымен өсірген көкөністерді табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ШҚО-да жазасын өтеушілер ардагерлерге өз қолымен өсірген көкөністерді табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қатаң тәртіптегі колонияның сотталушылары Ұлы Отан соғысы ардагерлерін өзіндік ерекше түрде құттықтауды жөн көрді. Олар өзара келісіп, бірауыздан жылыжайда өздері қолдарымен өсірген екі күндік жеміс өнімдерін ардагерлерге тарту етуге шешті. Осы көмекке мекеме басшылығынан рұқсат сұрап барып, жүгінді. Рұқсат алынған соң мекеме қызметкерлері арқылы өздерінің сыйлықтарын ардагерлерге жөнелтті.
"Жеңіс күні-ол қасиетті мейрам. Ал мынау өз қолымызбен өсірген өнім, оның үстіне қоғам үшін кішкене болсын пайдалы болғанымыз жанымызға демеу", – дейді сотталған Фархад.
"Мен өмірімде бұндай сыйлық алып көрмеппін бұл дегеніңіз нағыз витамин ғой, – деп әзілдеп ризашылығын білдірген Владимир Андрейцев Лукич мекеме қызметкерлерін көңілді қарсы алды. -Мен де оларды түсінемін, бірақ қылмыстың өтеуі жаза. Оларға рахмет айта отырып, жазаларын өтеп аман есен отбастарына оралуларын тілеймін".
Еске салайық, Семей қаласында орналасқан қауіпсіздігі барынша жоғары ОВ-156/14 мекемесінде бүгінгі күні 13 кәсіпорын ашылып, жұмыс істейді. Жылыжайда көкөніс өсіру орыны 2018 жылдан бастап іске қосылған. Онда көкөністің: қызанақ, қияр, көк пияз, аскөк, салат жапырағының төрт түрі, петрушка түрлерін өсіретін барлығы төрт сотталған жұмыс істейді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также