27 тамыз 2024 | 09:18

ШҚО-да теміржолға шығып кеткен қонжық пойыздың астына түсті

Фото: /yk-news.kz

Шығыс Қазақстан облысында Серебрянск қаласының маңында пойыз аюдың күшігін қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында Серебрянск қаласының маңында пойыз аюдың күшігін қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 22 тамыздан 23-не қараған түні 89 шақырымдық теміржол жолдарында болды.

"Болған оқиғадан кейін теміржол станциясының қызметкерлері мәйітті жолдан шығару үшін сол жерге келді", - деді Серебрянск әкімінің орынбасары Қайрат Жақпеков.

Реклама
Реклама

Алайда, бұл жергілікті тұрғындардың Серебрянск маңынан жабайы аңды алғаш көруі емес. 24 тамызда посттардың бірінде жол бұрушы аю көрген.

"Жануар 30-40 метр қашықтықта болды. Ол табылғаннан кейін полицияға хабарланды, сондай-ақ сол жерге әкімдік қызметкерлері келді, олар түні бойы сол жерде болды. Мен оны өзім көрдім, бірақ жануар қашып кетті, аюдың адамдарға агрессиясы болған жоқ. Оның қорқақ екенін және тікелей қауіп төндірмейтінін көруге болады. Қазіргі уақытта жануарлар бізге алма алу үшін келетінін айтқым келеді", - деді әкімнің орынбасары.

Адамдар мен жыртқыш аңның кездеспеуі үшін қала бойынша Серебрянскте ескерту үшін дауыс зорайтқышы бар көлік жүреді. Қала тұрғындарынан түнде үйден аса қажетсіз шықпауды сұрайды.

"Егер қараңғыда адам аюдан қорқатын болса, онда жануардың өзін қалай ұстайтыны белгісіз. Аюлар бізге жоғарғы және төменгі вокзалдардан келеді, кеше біз осы аймақты тексеріп өтіп, тұрғындарды ескерттік. Аюлардың малға шабуыл жасау деректері анықталған жоқ. Аю көрген тұрғын полицияға немесе әкімдікке жүгіне алады", - деді Жақпеков.

Бір ай бұрын Серебрянскіден бес шақырым жерде зиратқа келген адамдарды аюлар қорқытты. Содан кейін бұл жерге орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету отрядының қызметкерлері келді, бірақ жануарлар табылмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram