ШҚО-да төрт күн бұрын жоғалып кеткен әйел өлі табылды

Төрт күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен Глубокое ауданының 40 жастағы тұрғыны Лариса Гусак өлі табылды. Бұл туралы облыс полициясының Instagram-дағы парақшасында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төрт күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен Глубокое ауданының 40 жастағы тұрғыны Лариса Гусак өлі табылды. Бұл туралы облыс полициясының Instagram-дағы парақшасында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғалған әйелдің туыстары оның үйден таңертең ерте жұмысқа шығып кеткенін және қайтып оралмағанын айтты.

Полиция аса ауыр қылмыс жасады деген күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушімен таныс болған 59 жастағы ер адам болып шықты.

Реклама
Реклама

"Ол Ресей Федерациясымен шекарада ұсталды. Ер адам ел аумағынан жеңіл көлікпен шығып кетуге тырысқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ШҚО ПД басшысының орынбасары полиция полковнигі Талғат Шаяхметов.

Әйел бүгін Глубокое ауданы Белоусовка ауылынан жеті шақырым жерде көмілген күйде табылды.

Еріктілер мен полиция қызметкерлері жоғалған әйелді табу үшін төрт тәулік бойы елді мекеннің айналасын аралап шыққан.

Глубокое ПБ полиция қызметкерлері тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама