10 желтоқсан 2023 | 09:12

ШҚО-да түлкі фототұзаққа түсіп қалды

"Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағында "Ельник" учаскесінде орнатылған фототұзаққа түлкі түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағында "Ельник" учаскесінде орнатылған фототұзаққа түлкі түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорықтың әлеуметтік желідегі парақшасында видео жарияланып, түлкі камераны байқап, оған екі рет қарағаны жазылған.

Қорықтың мәліметінше, кәдімгі түлкі (Vulpes vulpes) - ит тұқымдасының жыртқыш сүтқоректісі, түлкілер тұқымдасының ең көп таралған және ең ірі түрі. Дене ұзындығы 60-90 сантиметр, құйрығы 40-60 сантиметр, салмағы 6-10 келі.

Реклама
Реклама

"Түлкі Марқакөл қорығы аумағында жиі кездеседі. Жануарлардың бұл түрі өте әдемі, бұл жануардың сымбаттылығы оның жіңішке, ұзартылған денесіне, түлкі жүргенде сүйенетін жұмсақ төсеніштері бар ұзын жіңішке аяқтарына байланысты. Бірақ түлкінің басты әшекейі - әрине, оның ұзын, үлпілдек құйрығы. Құйрық маңызды функцияны орындайды, жүгіру кезінде тепе-теңдік береді, сонымен қатар6 қыста аязға қарсы "көрпе" ретінде қызмет етеді. Түлкілер түнде белсендірек, бірақ күндіз де кездеседі. Түлкілер жалғыз өмір салтын жүргізеді", - делінген жазбада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram