14 қыркүйек 2023 10:16

ШҚО-да үлескерлерден 600 миллион теңге жинаған фирма басшысы қамауға алынды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысы Қаржылық мониторинг департаменті ЖШС басшылығы үлескерлерден заңсыз ақша жинады деген күдікпен қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қылмыстық істі тергеу барысында ЖШС-нің лауазымды қызметкерлері 2021-2023 жылдар аралығында үлескерлерден ақша алуға рұқсаты болмаса да, пәтерлерді ерте брондау арқылы азаматтарды үлестік құрылысқа тартқаны анықталған. Осылайша, олар халықтың сенімін асыра пайдаланып, алдау арқылы 606,5 миллион теңге сомасында ақша қаражатын иемденген.

"Қазір тараптардың пәтерлерді алдын ала брондау шарттары тоқтатылды, құрылыс жұмыстары жүзеге асырылмайды", - делінген ведомство хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сот шешімімен ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензиясы тоқтатылды. ЖШС жетекшісіне сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram