ПОДЕЛИТЬСЯ
16 маусым 2023 | 10:44
ШҚО-ға жаңа басшы тағайындалды
Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Көшербаев Ермек Беделбайұлы - 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
1988 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын бітірген.
Әр жылдарда Қаз ССР СІМ, ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Үкіметінде, ҚР СІМ, "Нұр Отан" ХДП, "ҚазМұнайГаз" АҚ-да әртүрлі қызметтерді атқарған, "Ертіс" ӘКК" ҰҚ басқарма төрағасы болды. Сондай-ақ, Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
2019 жылғы қаңтардан Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
2020 жылғы 29 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
Үйленген, екі баласы бар.
Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также