ШҚО тұрғындары "қызғылт бұлтты" видеоға түсіріп алған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары "қызғылт бұлтты" видеоға түсіріп алған. Бұл видеоға қатысты ШҚО экология департаменті өкілдері түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары "қызғылт бұлтты" видеоға түсіріп алған. Бұл видеоға қатысты ШҚО экология департаменті өкілдері түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, 19 ақпанда олар Алтай ауданы Октябрь ауылының маңында қызғылт бұлтты көрген. Тұрғындар дәл осындай құбылысты былтыр желтоқсанда да байқаған.

"Желтоқсанға орай тексеру жүргіздік. Тексеріс нәтижесі бойынша "қызғылт бұлттың" пайда болуына "Бұқтырма цемент компаниясы" ЖШС-нің саз карьеріндегі бұрғылау және жару жұмыстары себеп болғаны анықталды. Бұл жөнінде тағы мәселе туындаса, департамент қайта тексеруге дайын", - дейді ШҚО бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Рауан Тұраров.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама