ШҚО тұрғындарына жарылыстар болатыны ескертілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ШҚО ТЖД

Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында ШҚО-дағы өзендерде жарылыс жұмыстары басталды. Бұл туралы ШҚО ТЖД мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында ШҚО-дағы өзендерде жарылыс жұмыстары басталды. Бұл туралы ШҚО ТЖД мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖД мәліметінше, облыс бойынша мұз кептелісі мен бітелуі мүмкін 4 ауданда 16 осал учаске анықталған, олар Ертіс, Уба, Бұқтырма және Күршім өзендерінде орналасқан. Наурыздағы барлық учаскеде өзен арналарын тазарту бойынша профилактикалық жұмыстар жоспарланған.

Реклама
Реклама

"Біз профилактикалық жұмысты Шемонаиха ауданынан бастадық, мұнда Уба өзені елді мекендерге ерекше қауіп төндіреді, осыған байланысты Верх-Уба, Убинка ауылдарында, Шемонаиха қаласында және Усть-Таловка поселкесінде профилактикалық жарылыстар жүргізіледі.

Бүгін Верх-Уба және Убинка ауылдарында мұз ұсақталды. Мұнда өзендегі мұздың қалыңдығы 1 метрге дейін, ұсақтау алаңы 19400 шаршы метр болды", - деді ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Еран Балтабаев.

Еске салайық, 1 ақпаннан бастап облыс аумағында су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енгізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама