12 шілде 2017 | 14:10

Шілдедегі қыс: БҚО тұрғындары Желіде "уақытша қыстың" суреттерін жариялап жатыр

© Instagram / elmira0704

Батыс Қазақстан облысында ауа райы тосын сый жасады: жаз мезгілінде бұршақ жауып, мұз қатты. Өңір тұрғындары қатқан мұз бен жауған бұршақтың суреттерін Желіде жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында ауа райы тосын сый жасады: жаз мезгілінде бұршақ жауып, мұз қатты. Өңір тұрғындары қатқан мұз бен жауған бұршақтың суреттерін Желіде жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Дарьинск елдімекенінде бұршақ жауған, жергілікті тұрғындардың айтуынша оның көлемі екі сантиметрге дейін жеткен. 11 шілдеде түскен жауын мөлшері 99,6 миллиметрге жеткен. 

Реклама
Реклама

Орал және Дарьинск тұрғындары суреттермен әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр.

"Сіздер шілдеде омбы қарды көрдіңіз бе? Осы күнге дейін біздің Қазақстанда жаз мезгілінде осындай қызықтар болады деп ойламаппын", - деп жазды Instagram желісінде @kopaoksana нигімен тіркелген қолданушы. 

Жергілікті тұрғындар егістік үшін алаңдаулы, себебі олардың бау-бақшасын мұз басқан. 

Синоптиктердің мәліметінше, 11 шілдеде Батыс Қазақстан облысында Карск теңізі ауданынан келген ылғалды ауаның салдарынан арктикалық фронттың ұлғаюына себеп болған. 

"Оралда уақытша қыс", - деп жазды Instagram желісінде @damiraidarov нигімен тіркелген қолданушы. 

 

 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная