ПОДЕЛИТЬСЯ
01 шілде 2019 | 13:05
Шөкеев Арыста шенеуніктерді сынады
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыста шенеуніктерді сынады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыста шенеуніктерді сынады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Facebook желісінде Арыста аппараттық жиналыстың видеосы жарияланды. Зардап шеккен қаланы 17 секторға бөліп, олардың әр қайсысына облыс әкімдерінің орынбасарлары мен аудан әкімдері жауап беретін болады. Өмірзақ Шөкеевтің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың айтуынша, аппараттық жиналысқа жауапты адамдар келмеген.
Облыс әкімдерінің орынбасарлары қаржы мәселесін шешу үшін өз өңірлеріне кеткені белгілі болды, ал аудан әкімдерінің орынбасарлары жиналысқа аудан орталығынан қатысқан, өз орындарына құрылыс бойынша бөлім басшыларын тастап кеткен.
"Әкім орынбасарлары жоқ. Қазір премьер-министрге есеп береміз: "Әкімнің орынбасары ТЖ кезінде қыдырып жүр". Сіз кім боласыз? Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары және сол сияқты? Не деген жауапкершілік? Аудан әкімінің орынбасары қайда? Арыстан кім бар? Ол қайда өзі?", - деді Шөкеев.
Показать комментарии
Читайте также