02 мамыр 2020 12:02

Шөкеев Түркістан облысындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев екі ауылды су басуына байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев екі ауылды су басуына байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше 1 мамырда Өзбекстанда бөгет жарылып кетті. Бізде Мақтарал ауданында ТЖ режимі жарияланды. Мен Өзбекстан министрімен байланысқа шықтым, ол су ағыны тоқтағанын хабарлады.

Реклама
Реклама

Түні бойы 5400 адамды эвакуацияладық. Олардың кейбіреуі туысқандарына барды, қалғандары Атакент ауылының мектебіне орналастырылды. Олар барлық қажеттілікпен қамтамасыз етіледі.

Қазір біз су басқан жерлерді қайта тексеріп жатырмыз. Полиция жергілікті жерлерде жұмыс істейді және ауыл тұрғындарының мүлкін қорғайды. 

Тұрғындарға айтарым, үрейленудің және жолға шығудың қажеті жоқ. Барлық қажетті шара қабылданып жатыр. Тиісті әрекет алгоритмі бар", - деді облыс әкімі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram