21 шілде 2020 | 12:38

Шпекбаев "СҚ-Фармация" басшылығына үндеу жасады

Фото: primeminister.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев "СҚ-Фармация" компаниясының жаңа басшылығын барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелін жоюға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев "СҚ-Фармация" компаниясының жаңа басшылығын барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелін жоюға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерді мұқият бақылайтын кез-келген адам коронавируске байланысты жағдайдың күрделенуінің басты себептерінің бірі - сыбайлас жемқорлық, бюрократия мен жауапсыздық деп санайды және менімен келіседі. Бұл бір жағынан өте орынды, әсіресе, "СҚ-Фармацияның" лауазымды тұлғаларына, медициналық сақтандыру қорына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бірқатар медициналық мекемелеріне қатысты қылмыстық істер контексінде әділ бағаға қатысты", - деді ол алты айдың қорытындысы бойынша өткізілген агенттік отырысында.

Реклама
Реклама

Алик Шпекбаевтың айтуынша, "СҚ-Фармация" жемқорлық тәуекелдеріна қатысты талдау жұмыстарын жүргізуі қажет.

"Қазіргі уақытта "СҚ-Фармация" қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдауды сыртқы сарапшыларды кеңінен тарта отырып, жедел жүргізуі қажет. Біздің талдауымыздың сапасы осы ұйымның болашақта қаншалықты тиімді жұмыс істейтініне және парасатты болуына байланысты. Бұл бізді ғана емес бірыңғай дистрибьютордің жаңа басшылығын қызықтырады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша ("СҚ-Фармация" - автор) барлық ұсынысты орындайды деп үміттенемін", - деді агенттік төрағасы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram