29 шілде 2023 | 12:01

Шу тұрғындары екі баланың өліміне жемқорлық пен шенеуніктерді кінәлады

Дина Шарипханова Корреспондент
КТК\кадры

Жамбыл облысында кәріз сулары құятын бассейнге батып кеткен екі баланың ата-анасы олардың өліміне шенеуніктерді кінәлап отыр. Туыстары қайғылы оқиғаға әкімдік қызметкерлерінің салғырттығы себеп болғанына сенімді. Көп жыл бойы жергілікті тұрғындар су қоймасын қоршауды сұраған, бірақ мемлекеттік қызметкерлер жауап бермей келеді. Нәтижесінде қауіпті нысанға еркін кіру соңы апатпен аяқталды. Бұл туралы КТК сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында кәріз сулары құятын бассейнге батып кеткен екі баланың ата-анасы олардың өліміне шенеуніктерді кінәлап отыр. Туыстары қайғылы оқиғаға әкімдік қызметкерлерінің салғырттығы себеп болғанына сенімді. Көп жыл бойы жергілікті тұрғындар су қоймасын қоршауды сұраған, бірақ мемлекеттік қызметкерлер жауап бермей келеді. Нәтижесінде қауіпті нысанға еркін кіру соңы апатпен аяқталды. Бұл туралы КТК сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шудағы қайғылы оқиға шілденің басында болған. Суға батқан балалардың бірінің анасы Света Шалбаева қайғылы оқиға болған күні ұлы достарымен серуендеуге шыққанын, жарты сағаттан кейін баласының қайтыс болғанын естігенін айтады.

Реклама
Реклама

"Үш бала, оның ішінде ұлым да далаға ойнауға шықты. Олар сол суға барған. Балалар оған кәріз суы құйылғанын білмеген. Олар оны тоған деп ойлап, шомылғысы келген шығар. Менің балам мен көрші бала су астына кетті. Үшінші бала жаңада болған. Ол қайғылы оқиғаны хабарлады. Осының барлығын әкімдік қоршап қойса, болдырмауға болар еді. Олардың немқұрайдылығы балалардың өліміне әкелді", - дейді әйел.

Қайғылы жағдайға бейжайлық қана емес, жемқорлық та себеп болды, дейді Шу қаласының тұрғындары. Он жыл бұрын олар қалада орналасқан кәріз бассейнін жоюды сұраған. Сол кезде шенеуніктер өтінішті орындауға уәде беріп, тіпті елді мекеннің сыртында жаңа нысан салуға ақша тауыпты. Алайда, бюджеттен бөлінген қаржы өз мақсатына сол күйі салынбаған.

"Осыдан 10 жыл бұрын мемлекет 1 миллиард 200 миллион теңге бөлді. Бірақ олар азғантай ор қазып қойды, сонымен процесс бітті. Ақша ұрланды, қылмыстық іс қозғалды, сонда бұл қылмыстық іс өте ұзақ уақытқа созылды. Қылмыстық іске қатысушылардың бірі қаза болды. Жалпы, қазір кінәлі де, ақша да жоқ", – дейді жергілікті тұрғын Аида Бауденова.

Шенеуніктер бассейнді ауыстыру үшін шынымен де ақша бөлінді, дейді. Бірақ жұмыс құзырлы органдардың кінәсінен емес, мердігердің кесірінен орындалмай қалған. Шенеуніктер әлі аяқталмаған шаруаны аяқтауды көздеп отыр.

"Мемлекет мердігерге 839 миллион теңге бөлді. Рас, ол бұл ақшаны басқа мақсатқа пайдаланған. Сондықтан ол сотталды. Биылғы 1 шілдеден бастап ағынды сулар қоймасы әкімдіктің балансына берілді. Осыны жаңғыртуды көздеп отырмыз. Нысанды, дәлірек айтсақ, қаладан 12 шақырым жерге көшіреді. Қазірдің өзінде жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Қайғылы оқиғаға келсек, кінәлілер туралы айта алмаймын", - деді Шу қаласының әкімі Елдос Нұралиев.

Телеарана мәліметінше, балалардың өліміне кім кінәлілерді полиция анықтауы керек. Олар қылмыстық іс қозғаған. Өз кезегінде шенеуніктер үш айдың ішінде қоршау орнатуға уәде беріп отыр, бірақ тек ең қауіпті учаскелердің бойына.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная