27 сәуір 2022 | 11:24

"Шұбат ұнады". Суреттерді көріп ғашық болған саяхатшы Маңғыстауға келді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Седрик Тассан

Биыл сәуірде велосипедпен саяхаттайтын Седрик Тассан Франциядан Қазақстанның мәдениетімен танысу үшін Маңғыстау облысына келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Биыл сәуірде велосипедпен саяхаттайтын Седрик Тассан Франциядан Қазақстанның мәдениетімен танысу үшін Маңғыстау облысына келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Седрик Тайсан 45 жаста, үйленген, екі баласы бар. Ол Францияның оңтүстігінде орналасқан Марсельде тұрады. 30 жылдан аса уақыт бұрын ол велоспортқа қызығып, кейін бұл оның өмірлік ісіне айналған. 

"Мен ұзақ жыл бойы велосипедпен әлемді шарладым. Маңғыстауды 2019 жылғы қарашада, Парижде өткен фотокөрме барысында білдім. Менің отандасым Маңғыстауға 2018 жылы келіп, тамаша кадрлар түсіріп әкелді. Бірден пейзаждарға ғашық болып, осы аймақты зерттей бастадым. Маңғыстаудағы керемет табиғатты ғана емес, бұл жерде бұрын көрмеген мәдениет пен дәстүр бар екенін де білдім. (...) Сондай-ақ, менің білуімше, Алматы облысы да тамаша. Ол Қырғызстанға ұқсайды. Болашақта бұл жер де менің жаңа оқиғаларымның орны болады, өйткені тауларды жақсы көремін", - деді ол.

Реклама
Реклама

Фото Седрик Тассан

Ол Маңғыстауда қандай жерлерді көргенін, қандай мақсаты болғанын әңгімеледі.

"Менің бағытым бүкіл Маңғыстауды - Каспий теңізінен Түрікменстанмен шекараға дейін, солтүстіктен оңтүстік-шығысқа дейінгі аумақты қамтиды. Каспий теңізінің жағалауын көрдім, содан кейін шөлдегі керемет қорымдарды, соның ішінде Шақпақ-ата қорымын көрдім. Теңізде алғаш рет балықшылармен кездестім, олармен бірге балық пісіріп жедім. Менің екінші мақсатым деректі фильм түсіру болды, оны күзде шығаруды жоспарлап отырмын", - деді ол.

Сонымен қатар, ұлттық тағамдардан шұбат ұнағанын айтты.

"Қайда шақырса да, әрқашан мереке сияқты болды. Мұнда қонақты ең жақын адамдай қарсы алады. Бәрін жей алмадым, өйткені үстелде түрлі тағам болды. Әрине, бешбармақтың дәмін көрдім, ұнады! Маған Қазақстанда ішіп-жегеннің бәрі, әсіресе, шұбат ұнады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная