07 ақпан 2024 | 11:32

"Шұғыл шешу керек": Тоқаев үкіметке тапсырма берді

Фото:depositphotos.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкіметке маңызды тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкіметке маңызды тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін дамыту үшін біраз шаруа атқарылды. Бірақ нәтижесі әлі де мардымсыз. Қазір мұндай жобалар негізінен әлеуметтік салаға енгізіліп жатыр. Бұл саладан көп табыс түспейтіні белгілі. Ашығын айтқанда, біз нысандардың құрылысына бөліп төлеу арқылы қаржы құйып отырмыз. Мемлекет үшін мұндай тәсіл, әрине, тиімсіз.

Жалпы, осы саладағы нормалар мен рәсімдер жеке бизнеске салмақ салады не болмаса инвесторға өте тиімді болғанымен, мемлекетке пайда әкелмейді. Бір сөзбен айтқанда, теңгерімді, яғни балансты сақтау керек, мемлекет пен инвестордың мүддесі бірдей ескерілуі қажет.

Бірақ бізде мемлекет пен жекеменшік серіктестігі жеке жобаларды бюджеттен астыртын қаржыландыратын тәсілге айналып кетті. Мемлекет пен жекеменшік серіктестігі жүйесін қайта құруға қатысты жұмыс баяу жүріп жатыр. Әзірге нақты нәтиже жоқ. Үкімет осы мәселені ретке келтіру қажет.

Ешқандай жаңалық ойлап табудың қажеті жоқ. Оған әлемдегі озық тәжірибені пайдаланып, уақыт тезінен өткен тәсілдерді ұсына алатын халықаралық ұйымдарды тартқан жөн. Бұл мәселені шұғыл шешу керек", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная