ПОДЕЛИТЬСЯ
17 маусым 2020 | 19:47
Швед соты Статиге қарсы істе Қазақстан пайдасына шешім шығарды
Свеаландтың апелляциялық соты Анатол және Габриел Статиге қарсы іс бойынша Қазақстан тарапы - Қазақстан Ұлттық Банкінің және Әділет министрлігінің пайдасына шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Свеаландтың апелляциялық соты Анатол және Габриел Статиге қарсы іс бойынша Қазақстан тарапы - Қазақстан Ұлттық Банкінің және Әділет министрлігінің пайдасына шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Швед соттарында істі қарау 2018 жылдан бастап жалғасты. Сотқа едәуір дәлелдемелер мен дәлелдер, оның ішінде Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың куәгерлік айғақтары, сондай-ақ Англия, Швед және Қазақстан құқығы бойынша сарапшылардың қорытындылары ұсынылды. Процеске қатысу үшін "Frank Advokatbyra" әйгілі заң фирмасы тартылды.
Процесс барысында Қазақстан Ұлттық Банкі Стати дәлелдерінің негізсіздігін дәлелдеді және активтер БҰҰ 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Конвенциясында бекітілген халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес абсолютті иммунитетпен қорғалғанын растады", - делінген хабарламада.
Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Швед соты Статиді Ұлттық Банкке және Қазақстан Республикасына толық көлемде сот шығыстарын өтеуге міндеттеген. Мұндай шешімдер Скандинавия мемлекетінің сот практикасында өте сирек шығарылатын болып есептеледі.
"Швед сотының шешімі Ұлттық қордың активтерінен 83 миллион долларға жуық сомада тыйымды алып тастауға мүмкіндік береді және Статидің Қазақстан Республикасына қарсы алқалық шешімді орындатуға әкелу мүмкіндіктерімен байланысты ұзаққа созылған сотта істі қарау жүйесіндегі маңызды бөлім болып табылады", - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Бұдан бұрын Англия соты Стати тарапынан алқалық шешімді алу кезінде алаяқтық белгілерін анықтаған еді. Бұған қарамастан, Стати 2017 жылы Ұлттық қордың активтеріне тыйым салуға қол жеткізген.
2020 жылғы 22 сәуірде Англияның Жоғары соты Статидің дәлелдерін жоққа шығарып және Ұлттық Банктің BNYM кастодианында Ұлттық Банк алдында ғана Ұлттық қор активтеріне қатысты міндеттемелері бар екені туралы дәлелдерімен келісіп, Қазақстан тарапының пайдасына да шешім шығарған болатын.
Ұлттық Банк шетелдік юрисдикцияларда өз құқықтары мен мүдделерін қорғауды
жалғастырып жатыр және Статиден келтірілген зиянды өтетуге қолжеткізуге ниетті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также