“Шыдамдымын, бірақ...“ Досаев тұрғындармен кездесуде тосын жауап берді

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде нақты сол ауданның мәселесіне қатысы жоқ сұрақпен бірнеше мәрте келетіндерге қатаң жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде нақты сол ауданның мәселесіне қатысы жоқ сұрақпен бірнеше мәрте келетіндерге қатаң жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкіммен кездесулерге бірнеше рет қатысқан әйел қала басшысына сұрақ қоймақ болған кезде Досаев оның сөзін бөліп, жиналғандарға бұл әрекетін түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Кездесулерге келіп, әртүрлі нәрсе жасап, өз сұрақтарымен келгендердің жүйкесін жұқартатын шектен шыққан адам өте көп... Маған таныс адамдар бір мәселемен келе береді. Қала әкімі ретінде өте шыдамдымын, бірақ әр кездесуде мені қажытудың қажеті жоқ. Қолымыздан келетін нәрсе болса жасаймыз", - деді қала басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғыны қала әкімі Досаевқа жағымсыз иіс туралы айтып шағымданды.

Жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдап, бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама