25 ақпан 2022 | 14:37

Шығынды өтеуге 2 миллиард теңге: Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлер өтініші қаралды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген шығынды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2 миллиард теңгеден астам сомаға бағаланған өтінімдерді қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген шығынды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2 миллиард теңгеден астам сомаға бағаланған өтінімдерді қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының басшысы Айтуар Қошмамбетов қаңтар оқиғасынан зардап шеккен бизнесмендерге келтірілген шығынды есептейтін комиссия қазіргі уақытта жалпы сомасы 2 миллиард 29 мың 313 теңгеге кәсіпкерлердің 755 өтінішін қарағанын айтты. Мемлекеттік бюджеттен 1 274 398 461 теңгеге 379 өтінім қаржыландырылады.

"Мақұлданған өтініштер ішінде қызмет түрі бойынша қарастыратын болсақ, көп мақұлданғандары сауда саласында (зергерлік бұйымдар, ұялы телефондар, киім-кешек және т.б.) - 310 өтініш, бизнес орталықтары - 36 өтініш, қоғамдық тамақтандыру нысандары - 26 өтініш", - деді Айтуар Қошмамбетов.

Реклама
Реклама

Қоңырау шалып, ақпаратты нақтылай келе, қаңтардағы тәртіпсіздіктер мен тонау кезінде барлығы 1 413 кәсіпкердің жалпы сомасы 34 миллиард 316 миллион теңгеден астам шығынға ұшырағаны анықталған. 24 ақпандағы жағдай бойынша, қазақстандық кәсіпкерлер барлығы 3 592 өтініш берген, 85 өтініш қанағаттандырылмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная