18 қазан 2019 | 09:15

"Шығынға баттық" - Таразда өртенген көпқабатты үйдің тұрғындары

КТК телеарнасының сюжетінен

Таразда шатырының түгі қалмай жанып кеткен көпқабатты үй тұрғындары қыруар шығынға батқанын айтты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таразда шатырының түгі қалмай жанып кеткен көпқабатты үй тұрғындары қыруар шығынға батқанын айтты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тұрғындардың айтуынша, өрт сөндірушілердің төбеден төккен сулары төменгі қабатқа дейін аққан. Соның салдарынан бүлінген дүние-мүлік көп.

Реклама
Реклама

"Қыста жөндеу жұмысын жасағанмын. Мысалы, тұсқағазды 8 700 теңгеден сатып алдым. Аз ақша емес. Айлығым 50 мың теңге. Люстраны да жұлып алып, суын ағызып, мынаны түртсеңіз әлі су бар. Тоңазытқыш не болды, оны да білмеймін", - дейді Тараз тұрғыны Жанар Тұрмаханова.

Жанар Тұрмаханова секілді біраз тұрғын пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіпті. Енді олардың баспаналарының түсқағаздары түсіп, еден ылғалданып, тіпті жиһаздар мен тұрмыстық техникаға дейін суға малынған. Осылайша шығынға баттық деген бұқара биліктен өтемақы берілуін талап етеді. Алайда әкімдік тұрғындардың өтініші орындалмайды деп кесіп айтты. Тек шатырды ғана қалпына келтіруге уәде етті.

Қазір үй жабындысын жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ғимаратқа жарықтан басқа коммуналдық қызметтер тегіс қосылды.

Еске салайық, Тараздағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, шатыры түгел жанып кеткен еді. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Ал оттың тұтану себебі әзірше белгісіз.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная