18 маусым 2023 | 11:29

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы табиғи паркінде өрт шықты

©Влад Семенов

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы табиғи паркінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы табиғи паркінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады.

"Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің Ақсу филиалының (Усть-Язовское орман шаруашылығы) шалғай таулы аймақтағы аумағында құрғақ шөптер мен бұталар өртеніп жатыр. Аймақ белгіленіп жатыр", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

ТЖД мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Реклама
Реклама

Салдарын жоюға орманшылар жеке құрамынан 123 адам, Өртті сөндіруге "Қаз-авиа-орманды қорғау" қызметкерлері, орманшылар, өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Барлығы 111 адам, 3 бірлік техника және 2 тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Жетуі қиын таулы жер болғандықтан өрт сөндірушілер тікұшақпен жеткізілді.

"Жер рельефіне жету қиын. Тікұшақтар 10 рет су ағызды. Белсенді жиегі жоқ. Сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатқан бөлек түтін орындары бар. Өрттің таралуына жол берілмеді", - деді ТЖД өкілдері.

Оқиға орнында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев жүр.

Катонқарағай ұлттық саябағы - Қазақстандағы ең үлкен саябақ. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында орналасқан, Ресеймен шектеседі. ЮНЕСКО-ның ерекше қорғалатын мұралар тізіміне енгізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная